Жүрсін Ерман ДДСҰ басшысымен құда болып шықты

Ulysmedia

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус белгілі айтыс жанашыры Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтады деп хабарлайды Ulysmedia.

Коллаж: Ulysmedia.kz

«Құрметті Жүрсін құда, мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор, ғұмырыңыз ұзақ, құдалығымыз мәңгілік болсын!», – дейді бейнежазбада Тедрос Адханом Гебрейесус.

Осылайша 70-ке толған ақынның қазір Женевада тұратын жиені, яғни кіші қызының перзенті 2017 жылдан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры, бұған дейін Эфиопияның денсаулық сақтау, сыртқы министрі болған Тедрос Гебрейесустің ұлының етегінен ұстаған болып шықты.