Сапарбаев басқа әкімдерден екі есе аз айлық ала ма

Ulysmedia

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ulysmedia порталының «Әкімге үш сұрақ» айдары бойынша сұрақтарға жауап берді. Айлығы, БАҚ-қа бейілділігінен бөлек, әкім қызметтік көлігінің түсі мен сериясына дейінгі ақпаратты жолдапты.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Порталдың үш сұрағына Жамбыл облысының әкімі 2021 жылдың 5 қарашасында жауап берді.

«2021 жылдың басынан бері республикалық телеарналарға (видеосұхбат) неше рет сұхбат бердіңіз?» деген сұраққа Бердібек Сапарбаев жыл басынан республикалық телеарналарға 4 рет арнайы сұхбат және жаңалықтарға 15-ке жуық сұхбат  бергенін хабарлайды.

Бердібек Сапарбаевтың қызметтік көлігінің маркасы: Mersedes Benz S500. 2006 жылғы көлігінің түсі – сұр (grey). Сериясы – 001 jo 08.

«Облыс әкімі лауазымындағы айлығы 865 180 теңге», - делінген жауапта.

Айта кетсек бұған дейін сұрақтарға жауап берген облыс әкімдері 1,9 млн теңге көлемінде айлық алатынын хабарлаған еді.