Қазақстандықтар пойыз кешіккен жағдайда SMS-хабарлама алады

Ulysmedia

2021 жылдың желтоқсан айынан бастап жолаушылар пойыздарының екі сағаттан астам кешігуі туралы хабарлау үшін SMS-хабарлама жүйесі іске қосылды, - деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның мәліметінше, бұл SMS хабарлама bilet.railways.kz сайтында тіркелген пайдаланушыларға және билет кассаларында билет сатып алу кезінде байланыс деректерін қалдырған жолаушыларға жіберіледі.

«Жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу кезінде дұрыс байланыс деректерін көрсетуді және оларды үнемі жаңартып отыруды сұраймыз», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарламасында.