Қазақстанда 28 градус аяз болады

Ulysmedia

«Қазгидромет» РМК 23-25 қаңтар аралығында еліміздің бірқатар өңірінде күн аяз болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашын мен ауа температурасының жоғарылауын әкелді. Алайда қазақстандықтар жылуды ұзақ уақыт сезіне алмайды, себебі батыстан антициклон келе жатыр.

«Ауа температурасының төмендеуі еліміздің батысы мен солтүстігінде күтілуде. Түнде термометр бағаны 20-28 градусқа дейін төмендеп, аяз болады. Оңтүстік өңірлерге Өзбекстан аумағынан келетін циклон әсер етеді. Жаңбыр түріндегі жауын-шашын болады және желтоқсан айында айтарлықтай жоғары температура сақталады», - деді синоптиктер.