Нұр-Сұлтанда эко-шырша құрылды

Ulysmedia

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақмешіт көшесінің бойындағы Нұржол желекжолында эко-шырша құрылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Қала әкімдігінің мәліметінше, жасыл түсті эко-шырша толығымен қолмен байланған. Оны құруға 300-ге жуық адам қатысқан. Олар соңғы бірнеше күнде шеберлік сағаттарында тоқуды үйренген.

Шыршаны құруға қазақстандықтардан бөлек, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, тіпті АҚШ азаматтары қатысты.

Тоқылған шыршаның биіктігі логотиппен қоса есептегенде – 7 метр. 170 мыңға жуық ілмектерден тұрады. Шырша мен оның ойыншықтарын жасауға 400-ден астам иірілген жіп қолданылыпты.

Эко-шыршаның авторы – әлеуметтік кәсіпкер Рахима Мукушева және Bergen әлеуметтік шеберханасы.