×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Атырауда наразы топ әкімді алаңнан жібергісі келмеді

04.01.2022, 19:31

Әлеуметтік желіде Атыраудағы наразы топтың Атырау облысы әкімін қыспаққа алғаны көрсетілген видео тарады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Кадрдан «Бір ауыз сөзімізді тыңдаңызшы. Тоқташы. Машинасын қоршап алайық» деген наразы дауысты естуге болады.

Наразы топ қоршамақ болған кезде көлік жүріп кетті.

Еске сала кетсек, белгілі қоғам қайраткері Макс Боқаев Атыраудағы наразылық шарасында ұсталды. Маңғыстау облысының тағы бірнеше белсендісі ұсталды.

Жаңаөзенде басталған халықтың наразылығы республиканың басқа өңірлеріне де ұласа бастады. Жаңаөзен мен Маңғыстау облысының басқа аймақтарында газ бағасының қымбаттауына наразылық шаралары жалғасып, шерушілер үкіметтің отставкаға кетуін де талап етуде.

Серіктес жаңалықтары