Пхукетте қазақстандық туристер отырған катер жарылып кетті

Сымбат Сатыбалдина

Пхукет провинциясындағы Майтон аралы маңында туристер мінген катер жарылып кетті. Бортта Қазақстаннан барған демалушылар да болғаны хабарланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өрт тұтанған кезде катерде үш адам – капитан мен екі экипаж мүшесі болған. Кейбір туристер бұл сәтте теңізде жүзіп жүрген. Bangkok post мәліметінше, катерде Қазақстан мен Ресейден келген туристер болған. Жалпы, катер бортында 31 адам болған.

– Капитан мен экипаж мүшелерінің бірі күйіп қалды. Үш турист пен гид жарылыс салдарынан жарақаттанды, деді оқиғаға қатысты мәлімет берген Начафонг есімді өкіл.

ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТТЕР

Оқиға орнына теңіз қызметтері шұғыл жеткен. Таиландтың теңіз қауіпсіздігі орталығы көмекке арнайы кеме жіберді.

Пхукет префектурасы өртті сөндіру үшін өрт сөндіру катері мен тағы бір экипажы бар қайық жөнелтті. Thana Marine 555 қайығы толығымен жанып кеткені хабарланды.

ҚАЗАҚСТАН

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл дерекке қатысты әзірге пікір білдірмеді.