Өткен тәулікте елімізде 8 адам қар құрсауынан құтқарылды

Ulysmedia

Өткен тәулікте еліміздің құтқарушылары қар құрсауынан 8 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ҚР ТЖМ

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қаңтарда түнгі сағат 01-25-те елордалық құтқарушылар «Үркер» тұрғын үй алабындағы кезекті шақыртуға шықты. Қар құрсауында қалып қойған көліктен жолаушылары өз бетінше шыға алмай қалған. Оқиға орнына келген құтқарушылар дереу авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісіп, қар құрсауынан автокөлікті шығарып алды. Көлік ішінде 5 адам, оның ішінде 2 бала болған.

Сондай-ақ, 9 қаңтарда түнде сағат 00:35-те құтқару қызметіне хабар келген. Қостанай облысының Ангарское ауылынан 15 шақырымында  «Tоyotа» көлігінің жүргізушісі тізгінді басқара алмай жолдан шығып кеткен. Авткөлікте үш адам болған, олардың біреуі – бала. Зардап шеккен адамдардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Оқиға орнына келген құтқарушылар көлікті тас жолға шығарып, жолаушылар өз бағытын жалғастырды.