Бірінші орын алып, асфальт сұраған бала жұртты күлдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Видеоны анасы Жаңылсын Таушова әлеуметтік желідегі парақшасында жүктеген. Оқиға Алматы облысындағы Іргелі ауылында болған.
Ролик бірден желідегі топтарға тарап, қызу талқыға түсіп кетті. Жаңылсынның ұлы Мансұр Бельгияда өткен халықаралық жарыстан бірінші орын алып келген. Ұлы “асфальт қайда?” деп сұрағанда, анасы түсінбей абдырап қалады.
Артынша Елдос Сметов Олимпиада жүлдегері атанған кезде, Тараздағы үйінің алдында асфальт төселгені есіне түсіп, күледі.
- Мен әлем бойынша өткен жарыста бірінші орын алдым ғой, асфальт қайда?, дейді Мансұр.
- Көшемізге асфальт салып беріңіздер, менің ұлым дүниежүзілік жарыста жеңіп келе жатыр, дейді анасы.
ЖЕЛІ РЕАКЦИЯСЫ
Видеоны көрген адамдар Мансұрдың тапқырлығына риза болып, күлген.
ЕЛДОСТЫҢ ҮЙІНІҢ АЛДЫНДАҒЫ АСФАЛЬТ
Еске салайық, былтыр тамызда Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың Тараз қаласындағы үйі тұрған көшеге асфальт жайылған болатын.
– Бұл негізі жоспарланған жол. Ол күзге дейін бітуі керек еді. Соны тездетіп, чемпион келгенге дейін жолды салды. Екі көше бар. Асфальт төсеп тастадық, – деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Дастан Исламбек Ұлысмедиа тілшісіне.
Осылайша, Байымбаев және Жайымбаев көшелеріне жалпы ұзындығы 1,2 шақырым жолға асфальт жайылған.