Қазақстанда жаңбыр қарға ұласып, боран соғады

dzr.by

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

6 қазан, сейсенбі күні атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі.

Сондай-ақ көктайғақ, боран болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Елдің батысында түнде ауа температурасы +2…+12 °C-қа, күндіз +17…+22 °C-қа дейін жоғарылайды.

Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнгі температура −6…−1 °C-тан +3…+13 °C-қа дейін, күндіз 0…+5 °C-тан +5…+20 °C-қа дейін көтеріледі.

Шығыс пен орталықта түнде ауа температурасы 0…+7 °C, күндіз +2…+15 °C болады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы +2…+8 °C, таулы аймақтарда −3…−1 °C-тан +5…+10 °C-қа дейін жоғарылайды. Таулы аудандарда 0…+5 °C болады.

Күндіз ауа температурасы +12…+17 °C-тан +17…+22 °C-қа дейін көтеріліп, таулы аймақтарда +4…+9 °C-тан +9…+14 °C-қа дейін болады.