Тілдер күні: Қазақша сауатты болуға үйрететін танымал парақтар

Ulysmedia

Қазақ тілін үйрететін, тілді жетік меңгеруге жетелейтін қолайлы парақшаларды біле жүріңіздер, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

Бұған дейін ұзақ жылдар бойы елімізде бүгін, яғни 22 қыркүйекте - Қазақстан халқы тілдері күні аталып өткен болатын. Ал қазір тілдер мерекесін 5 қыркүйекте атап өтіп жүрміз. Дегенмен көпшілік 22 қыркүйекті әлі де тілдер күні ретінде қабылдап жатады. Сондықтан оқырман назарына қазақ тілінің қолданысын кеңейтуге әрі сауат ашуға жұмыс істеп жүрген бірнеше парақты ұсынамыз.  

Инстаграм желісінде Kazak bubble, Kiyeli tezek, Qazaq grammar, Jana sozdik, Qazaqsha jaz парақшалары болса, телеграмда «Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек» каналы бар. Канал авторы қателерді мысалға келтіріп, оларды түзетіп отырады.

Ал Kazak bubble тілді суреттер мен қысқа ғана сөздер арқылы түсіндірсе, Kiyeli tezek күлкілі суреттер және жазбалар жариялап, қазақы қалжың арқылы оқырман тартуға тырысады. Qazaq grammar аты айтып тұрғандай, тіл грамматикасына баса мән берсе, Jana sozdik – қазақ сленг сөздігі. Qazaqsha jaz-да тілді дұрыс қолдану жолдары көрсетілген.