Головкин мен Мурато сәуірде жұдырықтасады

Ulysmedia

Жапон боксшысы Риота Муратаның промоутері (16-2, 13 КО) Акихико Хонда жекпе-жекті сәуір айында өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Sports.kz

Sports.kz-ның мәліметінше, 2021 жылдың 29 желтоқсанында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақ дәрежесінде жапондық Риота Муратамен IBF/IBO және WBA Super әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуі тиіс еді. «Омикрон» коронавирусының таралуына байланысты Жапония Үкіметі шетелдіктердің келуіне тыйым салғаннан кейін жекпе-жек 2022 жылға ауыстырылды.