Яндекс такси тергеуге қатысты пікір білдірді

Ulysmedia

Яндекс Таксидің баспасөз қызметі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің компанияға қатысты тергеу басталғаны туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«Біздің қызметіміз қалыпты жұмыс істеп тұр. Біз мемлекеттік органдардан қызметтің жекелеген аспектілері туралы – өзімізге қатысты және нарыққа қатысты түсіндіруді сұрайтын өтініштерді алып тұрамыз. Біз оларға әрқашан уақытында және толық жауап береміз», - делінген баспасөз хабарламасында.

Үкімет отырысында Монополияға қарсы департаменттің басшысы Серік Жұманғарин агенттік қазақстандықтардың арыз-шағымынан кейін «Яндекс таксиге» қатысты тексеру бастағанын айтты.

«Жедел желі» бойынша алынған шағымдар шеңберінде агенттік Яндекс такси агрегаторына қатысты экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша тергеп-тексеру тағайындады», - деді ол.