Сот танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовты қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Десе де, үшеуі де көп ұзамай кепілмен босатылған.
Вайнерлер ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржы пирамидасын құру және оны басқару) күдікті деп танылыпты. Егер оларға тағылған айып дәлелденсе әрқайсысы 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
«Тергеу мәліметі бойынша Төребаев, Саидбаев және Шерниязов mudarabah capital қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, ол жерден иелерінің бірі ретінде тұрақты қаржы алып отырған», - деп жазды журналист.
Айта кетейік, бұдан бұрын аталған компанияның бас директоры Руслан Бурханов қамауға алынған болатын. Сондай-ақ, оның қоластында істеген өзге де азаматтар күдікті ретінде тергеліп жатыр.