Қазақстанда зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алуға пайдалану ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz LS-ке сілтеме жасап.
Мұндай ұсынысты миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) жасады.
"Қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша заңнаманы өзгерту мүмкіндігін қарастыру қажет. Ол үшін АҚШ-тағы 401k шотына ұқсас мамандандырылған инвестициялық шотты пайдалануға болады. Бұл шара қазақстандықтарға шешім қабылдау кезінде БЖЗҚ-ға тәуелді болмауға, инвестицияларды өз бетінше жүзеге асыруға, сондай-ақ акционерлер жиналыстарында дауыс беру арқылы компанияны басқаруға қатысуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті QAMS.
Айта кетейік, елімізде зейнетақы жинақтары жеткіліктілік шегінен жоғары болса, емделу, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалануға немесе басқарушы компанияларға беруге болады.
БЖЗҚ дерегіне сүйенсек, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13 трлн теңгеден асты. Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін негізінен тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланады – 2,5 трлн теңге. Сондайөақ, емделуге 126,5 млрд теңге бағытталған, ал сенімді басқаруға 7,5 млрд теңге берілген.