"Күдікті сталкер болған" - көшеде пышақталып мерт болған Нұрайдың ағасы

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Шымкентте ер адам пышақтап өлтірген 21 жастағы қыздың ағасы марқұм болған қарындасы жайлы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өзін Сұлтан деп таныстырған жігіт Шымкентте көшеде қаза тапқан Нұрайды туған ағасы. 

- Шынымызды айтсақ қан жылап отырмыз.Біз әр жаңалықты оқып отырамыз, қолдау көрсетіп жатқан жандарға рахметімізді айтамыз. Қазір біздің қолдан тек сол ("адамға" деген сөзді айтуға қимай отырмын) максималды жаза беру ғана қолымыздан келеді. Қысқаша айтқанда менің қарындасым ең ақылды, сабырлы, тұйық, жуас қыз болғандықтан барынша басынған. "Жоқ" деген сөзді түсінбеген. Сталкер болған, – дейді Сұлтан. 

Сұлтан қазақстандықтардан бұл оқиға туралы жазып, таратуды сұрады. 

- Қазір бізге артық сөз сөйлеуге, жазуға болмайды өйткені кейін арғы жақтың адвокаттары тырнақ астынан кір іздейді. "Сот процесі" әділ өтеді деген сенім бар. Бәрімізге сабыр мен жүрек тыныштығын берсін, – дейді марқұмның ағасы. 

КОНТЕКСТ

Еске салайық, қанды оқиға 11 қаңтар күні Шымкентте болған еді. Күдікті Нұрайды аңдып, артынан қуып жетіп, бірнеше рет пышақтап өлтірген болатын. Полиция дерегінше екеуі бұрын таныс болған. Нұрай алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. 

Күдікті екі күннен кейін, яғни 13 қаңтарда ұсталған