Елімізде қар жауып, көктайғақ болады

Ulysmedia

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы 28-30 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

Республика аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Оның атмосфералық фронттары солтүстікте, солтүстік-батыста, орталық пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр жауғызады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі.

Батыста ауа температурасы түнде 0-15 градус жылы, 3 градус суық, күндіз 7-22 жылы; солтүстік-батыста түнде 0-10 жылыдан 6 суық-5 жылыға дейін, күндіз 0-13 жылы; солтүстікте түнде 3 суық-6 жылы, күндіз 5-11 жылыдан 2-8 жылу аралығында; орталықта 3-11 жылыдан 3 суық-8 жылыға дейін төмендейді, күндіз 7-18 жылыдан 2-10 жылыға дейін; шығыста түнде 3 суық-10 жылы, күндіз 10-20 жылы; оңтүстік пен оңтүстік-шығыста негізгі фон түнде 7-18 жылыны, күндіз 12-27 жылылықты құрайды.