Түркиядағы 19 қазақстандық студент елге қайтады

Ulysmedia

Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы 19 қазақстандық студент елге оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Мерсин қаласындағы Құрметті консул, Түркия азаматы Ахмет Будан қонақүйге Қазақстанның 25 азаматын, оның ішінде 19 студентті панамен қамтамасыз етті. Бүгін осы 19 қазақстандық студент құрметті консулдық ұйымдастыруымен Анкараға жеткізілді және олар бүгін кешке Анкара-Астана рейсімен Қазақстанға қайтады», - деді ол БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде.

Оның мәліметінше, Аданада да қазақстандықтар студенттер Ыстамьұлға жеткізілген.

«Сондай-ақ, Конья қаласындағы құрметті консул 12 қазақстандық студентке Аданадан Ыстамбұлға жетуге жәрдем көрсетті. Айта кететін жайт, Түркиядағы дипломаттарымыз Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасымен тұрақты байланыста», - деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның Түркиядағы елшілігі ел азаматтарына үндеу жасаған.