Өлі туған нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған: Павлодарда тергеу басталды

Ғалиасқар Думан

Павлодарда қоқыс жәшігінен жаңа туған өлі сәби табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Полиция мәліметінше, 7 наурыз сағат 12:47-де Павлодар қаласының полициясына Бұқар жырау көшесінде, үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен өлі туған баланың денесі табылған.

“Осы факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы фактіге қатысы бар адамды жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр”, – делінген хабарламада.