Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы бағалар туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бір айда (2021 жылғы қыркүйек 2021 жылғы тамыз) баға азық-түлік тауарларына – 0,1%, азық-түлік емес тауарларына – 0,6%, ақылы қызметтерге 0,7% жоғарылады.
|
2021 жылғы қыркүйек (пайызбен, өсуі) |
2021 жылғы қаңтар-қыркүйек – 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек |
|||
2021 жылғы тамыз |
2020 жылғы желтоқсан |
2020 жылғы қыркүйек |
2015 жылғы желтоқсан |
||
Тауарлар мен қызметтер |
0,4 |
6,2 |
8,9 |
47,2 |
7,8 |
Азық-түлік тауарлары |
0,1 |
7,5 |
11,5 |
61,0 |
10,8 |
Азық-түлік емес тауарлар |
0,6 |
5,7 |
7,5 |
48,7 |
6,5 |
Ақылы қызметтер |
0,7 |
5,1 |
6,8 |
29,5 |
5,1 |
Бағаның өсуі құс етіне – 2,3%, қарақұмық жармасына – 1,7%, сиыр етіне – 1,6%, жылқы етіне – 1,4%, қаймаққа – 1,2%, пастерленген сүтке, айранға, сүзбеге, қантқа – 1,1%-дан, макарон өнімдеріне – 1%, сары майға, нанға – 0,9%-дан, ұнға – 0,8%, кондитерлік өнімдерге – 0,7%, күнбағыс майына, ірімшікке, шошқа етіне 0,6-% дан белгіленді. Темекі өнімдері 0,5% қымбаттады. Бағаның төмендеуі картопқа – 9,5%, жаңа жиналған көкөністерге – 8,7%, жаңа жиналған жемістерге 2,4% тіркелді.
Баға өсімі жиһаз және үйге қажетті заттарға – 1,3%, автомобильдерге – 0,9%, тоқыма бұйымдарына – 0,8%, құрылыс материалдарына – 0,5%, киім және аяқ киімге 0,4% құрады. Дизель отыны – 3,8%, тас көмір – 1,9%, ағаш – 1,2%, баллондағы сүйытылған газ 0,9% қымбаттады.
Баға деңгейі білім беру қызметтеріне – 6,3%, стоматологиялық қызметтерге, моншаға 0,6%-дан жоғарылады. Тұрғын үйді жалға беру үшін төлем 2,1% өсті. Жолаушылардың әуе көлігінің қызметтері 9,5% арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтерге келсек, суық суға 0,6% төмендеді.