Жануараларды заңсыз атқандарға 8 млн теңге айыппұл салынды

Ая Өміртай

2021 жылы 9 ай ішінде 1746 рейдтік іс-шара және 441 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 820 табиғат қорғау заң бұзушылығы анықталған. Осы ретте 768 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев браконьерлікпен күрес жөніндегі шараларды күшейту жайлы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

фото: Ашық дереккөзден

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның фаунасы 835 түрден тұрады. Оларды табиғат қорғау ұйымдарының инспекторлары (ОШЖДАИ, ЕҚТА, ЖАО, аңшылық әскер жасаушылардың қорықшылары және «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК) күзетеді.

«Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері 2021 жылғы 9 ай ішінде 1746 рейдтік іс-шара және 441 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 820 табиғат қорғау заң бұзушылығы анықталды. Аталған заң бұзушылықтар бойынша 768 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. 8 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 6 млн теңгеден астам сома өндірілді», – дейді комитет төрағасының орынбасары.

Ол сондай-ақ бақылау-инспекциялық қызмет кезінде болатын қайғылы оқиғаларға да тоқталып өтті. Оның айтуынша, 2019 жылы үш инспектор қаза болған. Бұл ретте, маман мемлекет басшысының браконьерлікпен күрес бойынша маңызды шараларды қабылдауға тапсырма бергенін атап өтті.