Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші қайтыс болды

Мөлдір Бақыт

Жарылыстан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті 

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 1993 жылы туған өрт сөндіруші қайтыс болды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

«Ол бұған дейін ол Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институының ауруханасына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан болатын»,- делінген хабарламада.

Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті. Оның ішінде 10 азаматтық қорғау органдарының қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор. Жоғалған тағы бір адам іздестірілуде.