Депутат Абзал Құспан сотталған экс-генерал Қайрат Көпбаевтың іс-материалдарын жинап, Бас прокуратураға хат жолдап отыр. Мәжілісмен құзырлы органнан іске қайтадан құқықтық баға беруді сұрайды.
Қайрат Көпбаевтың өзі осыдан бірнеше жыл бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Ербол Назарбаевтың қудалауымен заңсыз сотталғанын айтып, сұхбат берген еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz