Мэндегі қырғын: АҚШ-та 18 адамды өлтірген қаныпезердің мәйіті табылды

Ulysmedia

Мэн штатының Льюистон қаласында жаппай атыс ұйымдастырған 40 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

БАҚ қаныпезер Роберт Кардтың мәйіті Льюистон қаласындағы зауыттың жанынан табылғанын мәлімдеді.

Оның көлігі мәйіт табылған жерден алыс емес маңда тұрған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзін басынан атып өлтірген.

Қылмыскердің атыс қаруы бойынша сертификатталған нұсқаушы екені анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 25 қазанда болған. Сол күні 40 жастағы Роберт Кард барға, мейрамханаға және Walmart дүкеніне оқ жаудырған.

Айта кетейік, Мэн елдегі ең қауіпсіз орындардың бірі болып табылады, Америка Құрама Штаттарында адам өлтіру деңгейі ең төмен 2022 жылы 29 қылмыс тіркелген.