Аңшылар адамдарды ата бастады – ІІМ браконьерлік жайлы

Ғалиасқар Думан

ІІМ «Браконьер» профилактикалық іс-шарасының нәтижелерін жариялады,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

hard-life.kz

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Әлішер Жармағамбетовтің айтуынша, жыл басынан бері полиция қызметкерлері 300 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, экологиялық құқық бұзушылықтар бойынша 304 сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Мемлекетке келтірілген шығын 13 миллиард теңгеден асады. Жалпы браконьерліктің себебі – адамдардың өздерінің заңсыз әрекеттерінің экожүйеге әкелетін салдарларының ауырлығын толық түсінбеуінде. Заңсыз, яғни орман, жануарлар, балық немесе жер қойнауы болсын табиғи ресурстарды бақылаусыз пайдалану ауданның бүкіл экожүйесіне кері әсерін тигізеді», - деді ІІМ өкілі.

Жармағамбетов балық пен сүтқоректілердің уылдырық шашатын көктемгі кезеңінде, алғашқы қардың күзгі кезеңінде және жануарлардың ерекше осалдығы кезеңінде қорғау жұмыстары күшейтілетінін атап өтті.

«Осы жылдың 20 қазанынан 19 қарашасына дейін ішкі істер министрлігі "Браконьер" жедел профилактикалық іс-шарасын өткізеді, оның мақсаты жануарлар дүниесі, балық және орман шаруашылығы объектілерін, жер қойнауын заңсыз өндіру фактілерінің алдын алу және анықтау болып табылады. Іс-шара басталғаннан бері 61 қылмыстық және 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар аңшылар арасында қару-жараққа салғырт қарау және аң аулау ережелерін бұзу жағдайлары орын алып тұрады. Аңшылардың өздері немесе айналасындағы адамдар жараланып жатады», – деді ол.