Киевте Пушкиннің ескерткіші алынып тасталды

Ulysmedia

Бұған дейін Украина кабмині Киев пен Одессадағы бірқатар ескерткішті алып тастау ұсынысын мақұлдаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Украина кабмині бұған дейін Ватутиннің бейітін, Пушкин, Щорс пен басқа да ресейлік және кеңестік тарихи тұлғалардың ескерткішіне демонтаж жасау ұсынысын қолдаған.

Украина мәдениет министрлігінің хабарлауынша, ұлттық маңызы бар мәдени мұралар мемлекеттік тізімінен мына ескерткіштер алынып тасталған:

- Киевте: Берейтейск көшесіндегі Пушкин ескерткіші, Щевченко бульварындағы Щорс ескерткіші, Марийн бағындағы Ватутин бейіті, "Таращанец" бронепойыз экипажының ескерткіші;

- Житомир, Харьков пен Одессадағы Пушкин ескерткіші;

- Одессадағы князь Воронцовтың ескерткіші;

- Измаилдегі Суворовтың ескерткіші;

- Херсондағы адмирал Ушаковтың ескерткіші.