Той десе қу бас домалайды: 5 сағаттық тойға 5 жыл төлейтін несие алу дұрыс емес

Ulysmedia

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев той жасап шығындалғаннан гөрі жастарға баспана сыйлау дұрыс деп есептейді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Мәжілісменнің айтуынша, той жасаймын деп екі жастың ата-аналары көп жағдайда несие алып, қарызға батып жатады.

– Мысалы, той жасау үшін жігіт жақтан 3 млн кетеді, қыз жақтан 3 млн кетеді. 6 млн ақша үйдің бастапқы жарнасына жетеді. Әрине, ойлану керек. Шамаңыз жетсе, тойды стадионда жасаңыз, шамаңыз жетсе, мың адам шақырып, үлкен ресторанда жасаңыз. Бірақ, ұят болады деп, ұяттан аса алмай жүрген қаншама жастарымыз ажырасып жатыр. Сондықтан, әр адам өзінің көрпесіне қарай көсілсе екен деймін, – дейді Дәулет Мұқаев.

Депутаттың баспанаға бағыт беріп жүргеніне бес жылдай уақыт болған.

«Жина деп айтып келем. 2018 жылдан бері баспанаға бағыт беріп жүрмін. Жинап жүрген адам ешқашан өкінбейді. Ал енді жинамаған адам пайыз жағынан опық жеп, банкты байытады. Әр адам өзінің қаржылық мүмкіндіктерін пайдаланып, 5 мың болса да жинап үйренуі керек, – деді депутат «Оян» бағдарламасында.

Оралхан ҚОЖАНОВ