Қазпошта АҚ-да ішкі тергеу жұмыстарының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазпоштаның хабарлауынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірде жалпы сомасы 273 000 000 теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталған
– Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді, – делінген хабарламада.
"Қазпошта" АҚ орталықта және жергілікті жерлерде түрлі заң бұзушылық әрекеттермен күресті одан әрі жалғастырып, құқық қорғау органдарымен аталған бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істемек.