Сауда министрлігі азық-түлік бағасын мемлекеттік реттеуді алып тастауды ұсынып отыр

Ulysmedia

Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу тетігін жоймақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Иллюстрациялық фото

«Біз заңнамалық деңгейде әлеуметтік маңызы бар тауарлар үшін бағаны реттеу механизмін екі кезеңде жоюды ұсынып отырмыз. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығынан бастап 100% отандық өндіріс бар тоғыз тауарға шекті баға белгілеуден бас тарту ұсынылады: тұз, ұн, түтік кеспе (рожки), қарақұмық, күріш, нан, сүт, картоп, жұмыртқа», – деді вице-министр.

Бұл туралы Аграрлық мәселелер комитетінің отырысында Сауда және интеграция министрі Айжан Бижанова айтты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру облыс әкімдіктерінің қолмен бақылауына алынғаны хабарланған болатын.

Оралхан ҚОЖАНОВ