Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдау көлемі жоспарланған 100 мың тоннадан 154 мың тоннаға дейін өседі. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ көлік департаментінің директоры Абай Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Қараша айында Германияға 100 мың тонна мұнай жеткізу жоспарланған болатын. Бірақ ай соңында қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова Застава» мұнай жеткізу пунктіне қарай тасымалдау көлемі одан әрі өсті. Германияға жеткізу 154 мың тоннаны құрайды», – деді Абай Бейсембаев.
«ҚазТрансОйл» АҚ 1,2 миллион тонна қазақстандық мұнайды одан әрі Германияға жеткізу үшін «Адамова Застава» мұнай жеткізу пунктіне дейін тасымалдауға техникалық мүмкіндіктің бар екенін растайды, бірақ мұнай тасымалдаудың нақты көлемі мұнай компанияларының сұраныстарына байланысты.
Оралхан ҚОЖАНОВ