Қазақстан мұнай өндірісін азайтады

Ғалиасқар Думан

Қазақстан 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап наурыз айының соңына дейін мұнай өндірісін ерікті түрде тәулігіне 82 мың баррель деңгейінде азайтатынын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

JMC бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 51-ші жиналысы және бейнеконференция форматында ОПЕК+ 36-шы министрлік кеңесі өтті.

Жиынға Қазақстанның өкілі ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қатысты.

Жиын шеңберінде мемлекеттердің 2023 жылғы қыркүйек-қазан айларындағы келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауы мәселелері қаралып, мұнай нарығындағы ахуал талданды.

Қазақстан ОПЕК + қатысушы басқа елдермен бірлесіп, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы наурыздың аяғына дейін тәулігіне 82 мың баррель деңгейінде мұнай өндірісін ерікті түрде қысқартатынын жариялады. Осылайша, Қазақстанда мұнай өндірісі 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін тәулігіне 1 468 мың баррельге дейін азаяды. Келешекте қысқартылған қосымша көлем нарық жағдайына байланысты біртіндеп қалпына келтіріледі, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Бұл жаңа шарттар Қазақстан 2023 жылғы сәуірде қабылдаған және 2024 жылғы желтоқсанның соңына дейін қолданыста болатын тәулігіне 78 мың баррель деңгейіндегі ерікті қысқарту көлемін толықтырады. Осы шаралардың барлығы мұнай нарығындағы тұрақтылық пен тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсатында ОПЕК+ елдерінің қырағылығын арттыруға бағытталған.