Ұлттық жобаның «Ұлттық рухани жаңғыру» бағытына республикалық бюджеттен 119 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
Жоба 2025 жылға дейін жүзеге асырылады. Оған республикалық бюджеттен 110 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 9 млрд теңге бөлінеді. Аида Балаева әр теңгені мамандар егжей-тегжейлі есептеп, әрбір жоба мұқият қаржылық сараптамадан өткенін айтады.
«Сонымен қатар, бұл жобаларды іске асыру барысы тұрақты бақылауда болады. Біз сондай-ақ кем дегенде 7 млрд теңге сомаға инвестициялар тарту міндетін қойдық. Жобаны іске асыру барысында бұл сома еселене түсетініне сенім білдіремін», – деп мәлімдеді ол.
Жоба үш бағыт бойынша жүзеге асырылмақ:
- ұлттық құндылықтарды ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту;
- ел ішінде мәдени қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды, отандық мәдениетті мемлекеттен тыс жерлерде танымал етуді көздейтін «ел рухы» атты міндеттер;
«Тәуелсіздік ұрпақтары» - жастардың рухани жетілуі, кәсіби өсуі және қоғамдық жетілуі
15 іс-шара мен сегіз көрсеткішке қол жеткізу жоспарлануда, оның ішінде Neet санатындағы жастармен жұмысқа ерекше назар аударылатын болады.