Діни мерекелер күнтізбесі бекітілді: Ораза қашан басталады

Оралхан Қожанов

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2024 жылғы діни күндер мен мерекелер кестесін бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Бекітілген кестеге сай, 2024 жылы Рамазан айы 11-наурызда басталады. Ал қасиетті Қадір түні 5-нен 6 сәуірге қараған түнге келіп тұр.

Мұсылман қауымы үшін қадірлі оразаның аяқталғанын білдіретін ұлық мейрам Ораза айт 10 сәуірде болады. Ал, үш күн тойланатын Құрбан айт 17 маусымға сәйкес келіп тұр. Мүбарак Мәуліт айы қыркүйекте басталмақ.

Бір ескерерлігі, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты ауысуы мүмкін екенін мәлімдеді.