Проблемалық несиелер қоры салық төлеушілердің мүлкін сауда-саттыққа шығарды

Ғалиасқар Думан

Лоттар арасында қызықтысы да бар. Оның ішінде 18,145 га жер учаскесі бар элеватор да бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Проблемалық несиелер қоры салық төлеушілердің мүлкін сауда-саттыққа шығарды, деп жазады сыбайлас жемқорлықты тергеу қоры-бюросы telegram арнасы.

"Проблемалық кредиттер қоры" АҚ осы жылдың желтоқсан айында салық төлеушілердің мүлкін сату бойынша ауқымды аукциондар өткізеді.

Электрондық сауда алаңы сайтының деректеріне сәйкес, Алматы облысы Талғар ауданы Қайнар ауылдық округінің жалпы ауданы 7,00 га жер учаскесі сатылымға қойылған. Бастапқы бағасы 183 млн теңгені құрайды. Сауда-саттық 2023 жылғы 5 желтоқсанда басталады деп жоспарланған.

– Лоттар арасында қызықтысынан көлемі – 18,145 га жер учаскесі, жалпы ауданы 31396,35 ш.м. ғимараттары мен құрылыстары, сондай-ақ 127 бірлік жылжымалы мүлкі бар элеватор. Бастапқы бағасы 3,9 млрд теңгені, 2023 жылы бағалау құны – 1,3 млрд теңгені құрайды. Аукцион 2023 жылғы 12 желтоқсанда бағаны төмендету үшін өткізіледі, - делінген басылымда.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында тереңдету жұмыстарын жүргізуге және кенсіз құрылыс материалдарын өндіруге арналған техникалық флоттың кемесі сатылымға шығарылғаны хабарланды. Бағасы 69 млн теңгеден басталады. Аукцион 2023 жылдың 12 желтоқсанына жоспарланған.

– Сонымен қатар, желтоқсан айында Проблемалық кредиттер қоры АҚ жалпы сомасы 592 млн теңгеге жуық жылжымайтын мүлікті, 529 млн теңгеге арнайы техниканы, жалпы ауданы 226,0123 га жер учаскелерін жалпы сомасы 509 млн теңгеге, 1300 тонна бидайды 127 млн теңгеге сатуға шығарады, - делінген басылымда.