Пандемия басталғалы 100 мың дәрігер коронавирустан көз жұмды

Ulysmedia

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус пандемиясы кезінде қанша дәрігер көз жұмғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ria.ru-дің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтарынан осы жылдың мамырына дейін әлемде 100 мыңнан астам медицина қызметкері қайтыс болған.

ДДСҰ мен ұйымның серіктестері бірлесіп баяндама әзірлеген, оның ішінде дәрігерлерді коронавирустан қорғауды күшейтуге шақыру бар.

«ДДСҰ-ның жаңа жұмыс құжатына сәйкес, 2020 жылдың қаңтарынан осы жылдың мамыр айына дейін 115 мыңмедицина қызметкері COVID-19-дан қайтыс болуы мүмкін еді, со себепті медицина қызметкерлерінің алдымен екпе алуы басымдыққа ие», - дейді ДДСҰ бас директоры.

119 мемлекеттің көрсеткіші бойынша, әлем бойынша әрбір бес медициналық қызметкердің екеуі вакцина алған.