Мүгедектердің мүмкіндігін шектеу: Ақмола облысында 800 бала тегін тамақтан қағылған

Оралхан Қожанов

Ақмола облысының прокуратурасы мүгедектігі бар 800 баланың жеңілдіктер алу құқығы бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ашық дереккөзден

«Облыс прокуратурасы, мүгедектер үшін  көзделген жеңілдіктер алу құқықтарын бұзылуын анықтады. «Қолданыстағы заңнамада (ҚР «Білім туралы» Заңының 6-бабы) жергілікті атқарушы органдарға мұндай балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша міндеттер бекітілген. Осыған қарамастан, ерекше балалар жеңілдетілген тамақпен қамтылмаған және облыс әкімдігінің «мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» қаулысында ескерілмегені» мәлім болды.

Ақмола облысы прокуратурасы құқық бұзушылықты жойып, «мүгедектігі бар балалар» санаты да әкімдік қаулысына  енгізіліп, тегін тамақтанумен қамтылатын болды.