Үрей тудырған үш қыз - Терезені сындырып қашып кетті

Оралхан Қожанов

Ақтөбеде полиция кәмелетке толмаған үш қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

"8-желтоқсанда полицияға "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиешісінің көмекшісі хабарласып, сағат 23:00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып қашып кеткенін хабарлады", - деп жазылған хабарламада.

Олар:

Мырзакенова Манар Абайқызы - 05.06.2006 жылы туған. Бойы 160 см, дене бітімі орташа, шашы қара.

Тезекбаева Амина Иманқұлқызы - 14.03.2006 жылы туған. Бойы 165 см, дене бітімі арық. Шашы қоңыр. Сол жақ иықта меңі бар.

Дошонова Жұлдызай Мұратбекқызы - 01.10.2006 жылы туған. Сұры түсті спорттық киім киген.

Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер жұмылдырылған.