Қырғызстан мемлекеттік туын өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Авторлардың айтуынша, айтарлықтай өзгеріс күтіліп отырған жоқ.
Депутаттар Қырғызстан туындағы күннің пішінін өзгерту керек деп есептейді. Себебі, оны күнбағыспен шатастыратындар көп екен.
Толқын пішінді сәулелер тік болғаны дұрыс деп отыр. Қвла берді, шаңырақтағы таяқшалар саны үшеуден төртке артады.
Өйткені үшеу кедейліктің, ал төртеу байлықтың белгісі ден саналады.
Ел президенті Садыр Жапаров жаңарған тумен Қырғызстан жаңа даму кезеңіне қадам басады деп отыр.