Еліміздің энергетика министрлігі Маңғыстау облысында сұйытылған мұнай газының тапшылығы туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ведомство өңірдегі жағдай тұрақты деп сендірді.
Маңғыстау облысында энергетика министрлігі тарапынан желтоқсан айына қосымша 1500 тонна газ бөлінген: Атап айтсақ, "Қазгипз" ЖШС арқылы1000 тонна және "АМӨЗ" ЖШС 500 тонна берілген.
Бүгінде өңірде 433 автогаз құю станциясы тіркелген: Ақтау – 93, Жаңаөзен – 74, Мұнайган – 113, Маңғыстау – 52, Түпқараған – 44, Бейнеу – 30, Қарақия – 27.
9 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірде 169 (39%) АГҚС жұмыс істейді. Олар: Ақтау-31 (33%), Жаңаөзен – 44 (59%), Мұнайган – 36 (32%), Маңғыстау – 16 (31%), Түпқараған – 14 (32%), Бейнеу – 11 (37%), Қарақия-17 (63%).