Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жыл басынан бері миллиардтаған теңгені игермеген министрліктер мен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Белгілі болғандай, 20 трлн теңге сомасына шығыстар тіркелген. Орындалмағаны 336 млрд теңгені құраған. Оның ішінде 307 млрд теңгесі игерілмеген.
Ең үлкен соманы игермеген ведомстволар:
- ІІМ;
- өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
- ТЖМ;
– мәдениет және ақпарат министрлігі.
Жергілікті бюджеттер
Жергілікті бюджеттердің шығыстары 12 трлн теңгені құрады. Орындалмаған – 531 млрд теңге.
1 желтоқсанға өңірлерге 1 трлн 752 млрд теңге сомасына нысаналы трансферттер бөлінді. Оның ішінде 89,8% игерілді. 179 млрд теңге орындалмады. Оның ішінде 3 млрд теңге үнемделді, 176 млрд теңге игерілмеді.
Ең көп игерілмеу көрсеткіші Астана, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады.