Семей тұрғыны достарының атына 39 млн теңге несие рәсімдеп, ақшаны құмар ойынға жұмсағаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
34 жастағы алаяқ таныстарынан элиталық компанияға жұмысқа орналасу үшін несие алып беруін өтінген. Жұмысқа орналасқаннан кейін несиені өтеуге уәде берген. Таныстары оған сеніп, өздерінің атына несие алып береді. Алайда кейінірек достарының ақшасын құмар ойынға жұмсайтыны анықталды.
Жәбірленушілер оның тәуелділігі туралы біліп, алданғандарын түсінген. Полицияға 19 адам жүгінді.
Барлық фактілер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат берді, келтірілген залал – 39 миллион теңге.