Қазақстанда тиімсіз спорт түрлерін қаржыландыру қысқарады

Ulysmedia

Ермек Маржықпаевтың айтуынша, елімізде спорттың 180 түрі қаржыландырылады. Бірақ спорттың 5-8 түрінен ғана жүлделер қоржынға түседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ведомствода спорттың белгілі бір түрлерін қаржыландырудағы басымдықтарды қайта қарау жоспарланғанын айтты:

"Біздің елімізде 180-ге жуық түрі дамуда, олардың барлығы бюджеттен қаржыландырылады. Олардың тек 46-сы ғана халықаралық олимпиада комитетінің мойындауына ие. Оның ішінде, біз 20 спорт түріне қатысамыз, ал 5-8 түрі бойынша марапаттар әкелеміз. Бұл ретте, "спорт түрлеріне басымдық беру туралы" заңға түзетулер енгіземіз. Егер өркениетті елдерді алсақ, Ресейде 31 спорт түрі, Германияда – 15, Нидерландыда – 20, Өзбекстанда 17 спорт түрін дамытуға көңіл бөледі. Біз спорттың 50-ге жуық түрін дамытып жатырмыз, оған қоса-қаржыландыру мен дамуды алуға міндетті ұлттық спорт түрлері бар”, - деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл мәселе бірден шешілмейді. Әзірге министрлікте қандай спорт түрін қаржыландыру қысқаратыны нақты жазылмақ.