Жас отандас хоккейші АҚШ-та рекорд орнатты

Оралхан Қожанов

Отандасымыз Бексұлтан Мақыш Бостон хоккей академиясының U15 командасында 100 ұпайды (55 гол + 45 ассист) ең жылдам (44 ойын) жинаған хоккейші атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Sportqazaq

Сонымен қатар 15 жасар Бексұлтан БХА сапында бір маусымда ең көп гол (55 шайба) соққан ойыншы болып тіркелді.

Осыған дейінгі рекорд (47 шайба) Кэмерон Штельге тиесілі еді.

Бұған дейін де Б.Мақыш көп гол соғу мен нәтижелі пас беру бойынша жақсы көрсеткіштердің иесі болған.