Маминдердің Америкадағы зәулім үйі жайлы ақпарат тарады

Ulysmedia

Әу баста зәулім үй 11 миллион долларға сатылымға шығарылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Бұрынғы премьер-министр Асқар Маминнің інісі Флоридадағы зәулім үйді миллиард теңгеге сатып алынғаны туралы ақпарат пайда болды. “Выход к морю” арнасының айтуынша, қаңтар оқиғасына екі жылға жуық уақыт өтсе де, қауіпсіздік күштері әлі күнге дейін экс-премьер-министрге бір сұрақ та қоймаған.

"Қауіпсіздік қызметкерлері тексеретін ештеңе жоқ шығар. Ия, Асқар Маминнің көп дүниесі болмауы мүмкін. Бірақ, бұрынғы премьер-министрдің інісі Марат отбасылық бизнесті басқарады. Мысалы, ол Астанадағы "Еуразия" ірі сауда орталығына иелік етеді", - делінген басылымда.

АҚШ-тағы Бизнес

Бұрынғы премьер-министрдің інісі Флоридада 2008 жылы екі фирма ашқан. Екеуі де мұхит жағалауындағы сарайда тіркелген. Екі қабатты ғимаратта алты жатын бөлме, алты жуынатын бөлме, камин, жеке бассейн және екі тұрақ бар.

"Жалпы ауданы: 770 шаршы метр. Сатып алу тарихына сүйенсек, Мамин оны 8,2 миллион долларға сатып алған. Алайда, бұл сауда сәтті болмаса керек. Мүлікті олар қайтадан 11 миллион долларға сатылымға шығарған, бірақ оны бір жыл өткен соң бар-жоғы 6,5 миллион долларға сату мүмкін болды. 2009 жылы Марат Мамин мен оның әйелі Гүлмира екі пәтер сатып алды. Лагунаға қарайтын жақын кондоминиумдар: Adventura Marina One және Adventura Marina Two. Олар пәтердің бірін (кішірек) шамамен 500 мың долларға сатты. Екіншісі, ауданы 278 м2 болатын үш жатын бөлмесі мен үш жуынатын бөлмесі бар, шамамен 1 миллион долларға сатып алынды, ал қазір оны риэлторлар шамамен 2 миллион долларға бағалайды", - деп жазады басылым авторлары.

Сонымен бірге көл жағасындағы Орландо маңындағы тағы бір зәулім үй сатып алынды. Үйдің жалпы ауданы 550 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта сарай 2,5 миллион долларға бағаланады.

Асқар Мамин

Естеріңізге сала кетейік, Асқар Мамин қаңтар айындағы оқиғалардан кейін премьер-министр қызметінен кеткен болатын.

Осыдан кейін бұрынғы премьерге қатысты қылмыстық іс туралы ақпарат пайда болды. Бірақ оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет теріске шығарды. ҚР экс-премьер-министрі Асқар Мамин жазған құжаттары бар жобалар "Ашық НҚА" мемлекеттік порталынан жоғалып кеткені хабарланды. Кейін бұл жағдайға әділет министрлігінде түсініктеме берілді.