Алматыда “Мисс Қазақстан -2023” жеңімпазы анықталды (ФОТО)

Оралхан Қожанов

Алматыда «Қазақстан аруы-2023» ұлттық сұлулық байқауының финалы өтті. Биылғы байқаудың жеңімпазы Сабина Ыдырысова атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

instagram.com/missqazaqstan.official

Биылғы байқау экологияны қорғауға бағытталған “Болашақты аяла” - “Защити будущее” ұранымен ұйымдастырылды. Ақтық сынға көп сұлудың ішінен іріктелген 25 қыз қатысты. 

Қазылар ең әуелі 25 қатысушының ішінен үздік 12 қызды анықтады. Кейін 5 қыздың ішінен жеңімпаздың есімі белгілі болды.

Нәтижесінде “Көрермен дауысына ие болған ару-2023” аталымы Аделлина Балғымбаеваға, “Қазақстан вице-аруы-2023” аталымы Ботагөз Нұржігітоваға, “Қазақстан Жер аруы-2023” аталымы Аяулым Әлімхалиеваға, “Қазақстан әлем аруы-2023”  аталымы Мадина Әлмұхановаға бұйырды.

 Ал Сабина Ыдырысова “Қазақстан аруы-2023” атанды. Байқау жеңімпазы «Әлем аруы» атағы үшін бақ сынайды.

«Қазақстан аруы-2023» жеңімпазына 5 миллион теңге ақшалай сыйлық пен халықаралық деңгейдегі конкурстарға қатысу мүмкіндігі берілді. Қала берді, «Тұран» университетінде грантта білім алу құқығы, конкурстың эксклюзивті сыйлығы бьюти-бокс табысталды.

Сабина – кәсіби балерина. Селезнев атындағы білім ордасын тәмамдап, бірнеше жыл "Астана Балет" театрында жұмыс істеді. Қазір ол қазақ және ағылшын тілдерін жетік меңгеріп, актерлік білім алуды жоспарлап отыр.