Мусин 25 гигабайтты әлеуметтік желіге жұмсайтындарға қапалы

Ulysmedia

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды кезекті рет интернет-трафикті үнемді жұмсауға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Министрлікте өткен брифинг барысында журналистер “ұялы байланыс операторларына қатысты қандай да бір шаралар қабылданады ма?” деген сұрақ қойды.

"Әлеуметтік желілерде отырып,  25 гб ақпаратты қарау өте пайдалы деп айтуға болмас. Егер бұл сегіз сағат жұмыс істейтін елдің қарапайым тұрғыны болса, онда ол интернетті көп тұтына алмайды. Ол үйге келеді, үйде Wi-Fi-ға қосылады, жұмыста да Wi-Fi көмегіне жүгінеді”, - деді Бағдат Мусин.

Бұл ретте ол ұялы байланыс операторларын өздерінің тарифтік жоспарларында лимиттер белгілеуге және лимиттерді алып тастауға шақырмайтынын атап өтті.

ЦДИАӨМ басшысы азаматтарды интернет-трафикті саналы түрде тұтынуға шақырды.