Гонконг университетінің ақ халаттылары әлемде бірінші болып бауыр обырының соңғы сатысындағы науқасты аман алып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Standard газетінің хабарлауынша, ер адамға аурудың төртінші сатысы диагнозы (соңғысы) 2022 жылдың қарашасында қойылыпты. Оның бауырында көлемі 18,2 см ісік анықталған. Ал метастаздар жақын орналасқан тамырларға еніп үлгерген. Өткір цирроз мазалайтыны тағы бар.
Дәрігерлер ең әуелі ісікті отаға жарамды мөлшерге дейін азайту үшін алты ай бойы арнайы терапия жүргізген. Кейін одан пайда болған тамырда тромб түзілуінің алдын алды. Тамыз айында оған ұлының бауырының бір бөлігін ауыстыру отасы сәтті өтті.
Медициналық мекемеде ұзақ бақылаудан кейін ер адам ауруханадан шығарылды. Қазіргі уақытта обырдың бірінші сатысына жататын 1,5 см ісік әлі де бар, бұл ретте алынған сынамалар обыр жасушаларының қалыптасу процесі жоқ екенін көрсетті. Бұл ісіктерді кішірейту және трансплантациялау арқылы асқынған бауыр обырын сәтті емдеудің әлемдегі алғашқы жағдайы болды.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта ұқсас диагноз қойылған 100 науқас емделуде. Терапия нәтижесінде 40%-ында қатерлі ісік жасушаларының толық жойылғаны тіркелді. Ал 10% -дан астамына қазір бауыр трансплантациясы отасын жасауға болады.
Ақ халаттылар қазір емдеу әдістемесін жеңілдетіп, Гонконг үкіметінен қажетті дәрі-дәрмекке субсидия бөлуді сұрап отыр.