Дональд Трамп Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегін тамашалауға барды

Оралхан Қожанов

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп UFC турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсонның жекпе-жегін тамашалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Дональд Трамп көптен бері аралас жекпе-жектің жанкүйері екені белгілі. Ол бір сөзінде: «Мен мықты жауынгерлер мен тамаша жекпе-жектерді жақсы көремін”, деген еді.

Естеріңізге салсақ, бүгін Лас-Вегас төрінде UFC 296 жекпе-жегінде Шавкат американдық Стивен Томпсонды екінші раундта жеңді.

Шавкат екінші раундтың соңында тұншықтырғыш әдісін сәтті жасады. Жалпы, екі раунд та отандасымыздың айқын басымдығымен өткенін атап өткен жөн. 

Жекпе-жектен кейін Рахмонов Леон Эдвардс-Колби Ковингтон арасындағы жекпе-жектің жеңімпазын төбелесуге шақырды.