Алматы қаласында миллион теңгеден астам айыппұлын төлемей жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, "Мерседес" маркалы көліктің жүргізушісіне жол-көлік ережесін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздың жалпы сомасы - 1 миллион 176 мың 450 теңге.
“Құқық бұзушыны ЖПҚБ іздестіру бөлімшесі мен мамандандырылған батальонының қызметкерлері «Қорғау – қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтады”, – деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.
Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды мемлекетке өндіру жұмыстары жүргізілуде.