×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматы облысында үйлерде газ плиталары жарылды

18.12.2023, 15:45
Әлімжан Тоқтахуновтың әлеуметтік парақшасынан

Қатты аяз салдарынан Гүлдала ауылында газ қысымы төмендеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қолайсыз ауа райы салдарынан Алматы облысының Гүлдала кентінің тұрғындары газсыз және жылусыз қалды.

"Аязда газ қысымы төмендеді. Газ қызметінің бригадалары газды қайта бөлу үшін редукторларды бұрады. Кеше күн жылына бастап еді, қысым көтеріле бастады. Салдарынан тұрғындардың газ пештері жарыла бастады", - дейді Әлімжан Тоқтахунов есімді тұрғын.

Жарияланған кадрлардан газ плиталары бірнеше үйді қиратқанын көруге болады.

Бұған дейін "Тәуекел-Н-Алғабас" газ шаруашылығы мекемесінің өкілдері Гүлдала ауылындағы тұрғын үйлерді тексеріп жатқанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары